01 маусым 2021 | 09:20

Қытай басшысы Сирияға көмектесуге уәде берді

© Reuters

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сирияға эпидемиямен күрес пен елдің экономикасын қалпына келтіру бойынша көмек көрсетуге уәде берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сирияға эпидемиямен күрес пен елдің экономикасын қалпына келтіру бойынша көмек көрсетуге уәде берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы ҚХР төрағасы Башар Асадқа Сирия президенті болып қайта сайлануына байланысты жолдаған жеделхатында мәлім етті. 

"Қытай Сирияның егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қолдайды, COVID-19 эпидемиясына қарсы күресте, ел экономикасын жандандыруда және халықтың өмірін жақсартуда мүмкін болатын барлық көмекті көрсетеді, Қытай мен Сирияның ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге әрекет етеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Си Цзиньпин құттықтау жеделхатында Қытай мен Сирия бұрыннан достас мемлекеттер екенін, Сирия Қытаймен дипломатиялық қатынастар орнатқан алғашқы араб елдерінің бірі екенін айтты.

"Мен Қытай-Сирия қатынастарын дамытуға үлкен мән беремін және президент Асадпен бірге бұдан да үлкен жетістікке жету үшін Қытай-Сирия қатынасын алға жылжытуға дайынмын", - деді Қытай басшысы.

Сирияда 26 мамырда президент сайлауы өткен. 2000 жылдан бері Сирияның президенті болып қызмет етіп келе жатқан Асад 95,1 пайыз дауыс жинап, тағы да жеті жылға сайланған. Ішкі оппозиция кандидаты Махмуд Мерии 3,3 пайыз, социалистік партияның бұрынғы депутаты Абдалла Саллум Абдалла 1,5 пайыз дауыс жинаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная