ПОДЕЛИТЬСЯ
24 ақпан 2020 | 21:12
Қытай дәрігерлері коронавирус қай жануардан жұғатынын анықтады
Панголин деп аталатын жануар коронавирустың жаңа түрінің аралық иесі болуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің COVID-2019-ға қарсы әрекет ету жөніндегі сараптама комиссиясының басшысы Лян Ваньнянь баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Панголиндер құмырсқалармен және термиттермен қоректенеді. Денесінің ұзындығы 30-88 сантиметр, құйрығының ұзындығы - шамамен соншалықты; салмағы 4,5-ден 27 келіге дейін. Дене жабынында ірі мүйізгек ромб пішінді қабыршақтар бір-біріне черепица тәрізді қабаттасып орналасады. Тек басы, бүйірі, денесінің төменгі жағы, аяқтарының ішкі беті қысқа қатты жүн қабатымен жабылған. Панголиндерді еті мен емі бар деген түсінікпен қабыршақтары үшін аулайды.
"Қазіргі уақытта зерттеулер коронавирустың жаңа түрінің иесі жарқанаттар, ал панголиндер аралық иесі болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр", - деп мәлімдеді Лян Ваньнян.
Бұған дейін Оңтүстік Қытай ауыл шаруашылығы университеті мен Гуандундағы заманауи ауыл шаруашылығы зертханасының ғалымдар тобы зерттеу жүргізіп, коронавирустың жаңа түрінің аралық иелері панголиндер болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Кейін ҚХР Ғылым және техника министрлігінің ғылыми-техникалық даму басқармасының басшысы У Юаньбиннің пікірінше, коронавирустың ең ықтимал көзі жарқанат екенін мәлімдеді.
Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын елдің орталық бөлігіндегі Ухан қаласында (Хубей провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуінен хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады, бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді - COVID-19.
Показать комментарии
Читайте также