20 қараша 2020 | 17:55

Қытай ережелер бойынша ойнауға мәжбүр болады - Джо Байден

©REUTERS

АҚШ сайлауындағы демократиялық кандидат Джо Байден елді ДДҰ-ға қайтаратынын және Қытайға қарсы баж салығынан бас тартатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды 24globenews.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ сайлауындағы демократиялық кандидат Джо Байден елді ДДҰ-ға қайтаратынын және Қытайға қарсы баж салығынан бас тартатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды 24globenews.

Делавэр штатындағы Уилмингтон қаласында өткен баспасөз мәслихатында Байденге АҚШ президенті болып сайланғаннан кейін санкциялар қатаңдап, Қытай тауарларына жаңа баж салығы салына ма, деген сұрақ қойылды.

Реклама
Реклама

"Міндет - Қытайды жазалау емес, Қытайдың ережелер бойынша ойнауға тура келетінін түсінуі", - деп жауап берді ол. Оның пікірінше, мұндай шешімдер АҚШ-тың сыртқы саясаты аясында міндетті емес.

"АҚШ-тың жаңа әкімшілігі жұмысының алғашқы күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) қайта қосыламыз. Бізге қазіргі пандемиямен айналысып қана қоймай, келесімен күресу жоспарын жасауымыз керек. Вирус өзі жойылып кетеді деген идеяның өзі қисынсыз", - деп толықтырды Байден.

АҚШ губернаторлары Ұлттық қауымдастығының атқарушы комитетінің мүшелерімен болған бейнеконференция оның Twitter-дегі аккаунтында көрсетілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная