15 қазан 2021 | 10:52

Қытай Күнді бақылайтын алғашқы Жер серігін ұшырды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: Xinhua

Қытай Күн энергиясын зерттеу үшін алғашқы спутнигін сәтті ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытай Күн энергиясын зерттеу үшін алғашқы спутнигін сәтті ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua сайтына сілтеме жасап.

Спутник елдің солтүстігіндегі Шаньси провинциясы Тайюань ғарыш айлағынан "Чанчжэн-2D" зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды. Ол орбитаға сәтті көтерілген.

Реклама
Реклама

Күн радиациясының спектрлік кескіндеріне алғаш ғарыштық зерттеу жүргізетін Жер серігі Қытайдың Күн энергиясын зерттеу саласындағы мүмкіндіктерін дамытады деп жоспарланып отыр.

Жер серігі ғылыми жүктеме ретінде күн ғарыштық телескопымен 517 шақырым биіктегі Күн-синхронды орбитасында жұмыс істейді. Бұл зерттеушілерге Күннің шығуы кезінде өзгеруін, мысалы, атмосфераның температурасы мен жылдамдығының өзгеруін байқауға көмектеседі.

Осы зымыран тасығыштың құрамында ғарышқа 10 шағын Жер серік жіберілді.

Бұған дейін Қытай соңғы 5 жылда алғаш рет халықаралық ғарыш станциясының аналогы - қазір салынып жатқан Тяньхэ модульдік ғарыш станциясында жұмыс істеу үшін ғарышкерлерді ғарышқа жіберген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная