Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қытай мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі some.kz сайтына сілтеме жасап.

Қытай мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі some.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 5:58-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12,1. Магнитудасы - 5,6. Тереңдігі - 10 шақырым", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша 03:42-де тағы да жер сілкінісі тіркелген.

Бұл жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Магнитудасы - 5,9. Алматыда 2 балл сезілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама