Қытай Тайвань маңындағы әскери жаттығуларын аяқтады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Қытай Тайвань маңындағы әскери жаттығуларын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай Тайвань маңындағы әскери жаттығуларын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқу-жаттығудың аяқталғаны туралы қысқаша хабарламада Қытай әскері Тайваньдағы әскери операцияда әртүрлі тапсырмаларды сәтті орындап, жауынгерлік мүмкіндіктерін тиімді сынағанын айтқан.

Реклама
Реклама

©REUTERS

Осыған дейін Қытай Сыртқы істер министрлігі Тайвань Қытай территориясының бір бөлігінде әскери жаттығулар өткізіліп жатыр деп мәлімдеген болатын.

Қытай жаттығуды АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде бастады. Әуе және теңіз аймағындағы маневрлер бастапқыда өткен жексенбіге дейін төрт күн бойы жүргізіледі деп жоспарланған.

Жаттығу кезінде қытайлық ұшақтар күн сайын Тайвань бұғазының ортаңғы сызығын кесіп өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама