ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2022 | 14:39
Қытай Тайвань төңірегінде жаңа әскери жаттығулар өткізетінін жариялады
Қытай әскерилері Тайвань төңірегіндегі теңіз және әуе кеңістігінде жаңа әскери жаттығулар өткізетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытай әскерилері Тайвань төңірегіндегі теңіз және әуе кеңістігінде жаңа әскери жаттығулар өткізетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Қытай Халық азаттық армиясының Шығыс майдан қолбасшылығы сүңгуір қайықтарға қарсы және теңіз десанттық операцияларына баса назар аударылған бірлескен жаттығулар өткізетінін мәлімдеді.
Әскери жаттығулардың ұзақтығы мен нақты орны әзірге белгісіз. Бірақ Тайвань аралды қоршап тұрған алты жаттығу аймағына жақын ұшуға шектеулерді жеңілдетті.
Тайвань Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Қытайдың әскери кемелері, ұшақтары мен ұшқышсыз басқарылатын ұшақтары аралға нақты шабуыл жасамаған. Бұл ретте Қытай болса тиісті жауап беру үшін ұшақтар мен кемелерді жібергенін мәлімдеген.
Еске салайық, Қытай қарулы күштерінің Тайвань төңірегіндегі алты жердегі оқу-жаттығулары 4 тамызда аралға АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси келгеннен кейін басталған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также