04 маусым 2024 | 09:36

Қытай Зеленскийдің айыптауларына қатысты жауап берді

Фото: kz.china-embassy.gov.cn

Бейжің Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресей мен Қытай Швейцарияда өтетін Украина бойынша жаһандық бейбітшілік саммитінің өтуіне кедергі жасауға тырысады деген айыптауларына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Европейскую правда" мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бейжің Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресей мен Қытай Швейцарияда өтетін Украина бойынша жаһандық бейбітшілік саммитінің өтуіне кедергі жасауға тырысады деген айыптауларына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Европейскую правда" мәліметіне сілтеме жасап.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Ниннің айтуынша, Бейжің ешқашан Ресей-Украина соғысы "жалынын тұтандырған немесе отын үдеткен емес".

Мао Ниннің айтуынша, Қытай Ресей-Украина соғысындағы бейбіт шараларды қолдауға бағытталған барлық күш-жігерді мойындау керек деп санайды.

Реклама
Реклама

Қытай СІМ өкілі Бейжіңнің Киевпен қарым-қатынасқа үлкен мән беретінін атап өтіп, бұл ретте Қытайды Украинаның ең ірі сауда серіктесі деп атады. Мао Нин Қытайдың бейбіт конференцияға қатысты ұстанымы өте "ашық және мөлдір" екенін және Қытайдың "дағдарысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған барлық әрекеттерді қолдайтынын" қосты.

Сыртқы істер министрлігі спикері оның елі саммитке қатыспайтынын, себебі онда Ресейдің болмайтынын түсіндірді. Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто да 3 маусымда осыған ұқсас мәлімдеме жасады. Ол Будапешттің Мәскеуді қамтымайтын саммитке қатыспайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная