Қытайда 35 адамды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші өлім жазасына кесілді

Қытайда 35 адамды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші өлім жазасына кесілді видео кадры

Қытайда сот 62 жастағы жүргізуші Фань Вэйцюдің өлім жазасын орындады, ол әдейі адамдар тобын көлікпен қағып өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CCTV-ге сілтеме жасап.

Қытайда сот 62 жастағы жүргізуші Фань Вэйцюдің өлім жазасын орындады, ол әдейі адамдар тобын көлікпен қағып өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CCTV-ге сілтеме жасап.

Сот айыпталушының қоғамға қауіпті екенін анықтап, оны өлім жазасына кескен. Үкім шығарылғаннан кейін Фань апелляция беруден бас тартты. Үкімді орындау тәсілі нақтыланбаған.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2024 жылдың қарашасында Қытайдың оңтүстігіндегі Чжухай қаласында болған. Фань Вэйцю жол талғамайтын көлікті тізгіндеп келе жатып, "Чжухай стадионы" спорт орталығындағы жүгіру жолында жаяу жүргіншілерді қағып өткен. Оқиға салдарынан 35 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алды.

Реклама
Реклама

Жол апатынан кейін жүргізуші мойнын жарақаттап, комаға түскен. Қытайлық БАҚ мәліметінше, бұл әрекетке ер адамның ажырасудан кейінгі мүлікті бөлу нәтижесіне риза болмауы себеп болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама