Қытайда балабақша микроавтобусы өртеніп, 11 бүлдіршін қаза тапты

Қытайда балабақша микроавтобусы өртеніп, 11 бүлдіршін қаза тапты © vesti.ru

?ытайда халы?аралы? мектепке ?арасты балаба?ша микроавтобусы ?ртеніп, о?т?стіккореялы? 10 бала, ?ытайлы? бір бала ж?не екі ересек адам ?аза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда халықаралық мектепке қарасты балабақша микроавтобусы өртеніп, оңтүстіккореялық 10 бала, қытайлық бір бала және екі ересек адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, қайғылы оқиға қытайдың Шаньдун провинциясындағы Вэйхай қаласындағы тоннельде болған. Оңтүстіккореялық балалармен қатар қытайлық бір бала, сондай-ақ, балабақша қызметкері мен жүргізуші қаза болған. Бұл ақпарат Корея Республикасының ҚХР-дағы елшілігіне сілтеме жасап түскен.  

China News Service генттігінің мәліметінше, оқиға шамамен таңғы сағат 9.00-де (жергілікті уақыт бойынша) болған, жол-көлік оқиғасынан кейін екі көлік өртеніп, жалпы 12 адам қаза тапқан және бір адам зардап шеккен. Қазіргі уақытта жол апатының себебі анықталып жатыр, тергеу жүргізілу үстінде.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама