29 қыркүйек 2020 | 15:00

Қытайда балаларды улаған тәрбиеші өлім жазасына кесілді

Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Хэнан провинциясы Цзяоцзо қаласындағы халық соты балаларды улаған тәрбиешіні өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Хэнан провинциясы Цзяоцзо қаласындағы халық соты балаларды улаған тәрбиешіні өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Айыпталушы Ван Юн "Мэнмэн" балабақшасында жұмыс істеген. Кейін Ван Юнмен Сун есімді мұғалімнің арасында жанжал туындаған. Сотталушы әріптесімен өштесіп, 2019 жылдың 27 наурызында таңертең Сунь тобындағы балалардың ботқасына натрий нитритін қосқан. Салдарынан 25 бала уланып, ауруханаға жатқызылыпты. Тіпті, бір бала қайтыс болған.

Реклама
Реклама

Тергеу барысында Ван Юннің алғаш рет натрий нитритін пайдаланбағаны анықталды. 2017 жылы ол күйеуімен ұрысып қалған. Сол жылдың ақпанында Ван Юн күйеуінен кек алу үшін интернеттен натрий нитритін сатып алған. Кейін оны су құйылған стақанға қосқан. Оны күйеуі ішіп, уланған. Алайда оның денсаулығына қатты зиян келмепті.

Сот әйелдің натрий нитритінің адам денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін екенін жақсы білетінін атап өтті. Алайда сот әйелдің кек алу мақсатында оны екі рет пайдаланғанын ескерді. Сондай-ақ, отырыс барысында Ван Юн балалардың уланатынын білсе де, ол өз шешімінен бас тартпағаны айтылды.

Сот Ван Юнның қылмыстық мотиві "жиіркенішті" екенін атап өтіп, оның заңға сәйкес қатаң жазалатынын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная