1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қытайда COVID-19-бен ауырғандар саны артты

Қытай 21 ай ішіндегі жергілікті жағдай бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны артқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters

Сурет ©REUTERS

Қытай 21 ай ішіндегі жергілікті жағдай бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны артқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда күнделікті тіркелетін жағдай саны 158-ге жетті, бұл - 2020 жылдың басындағы індетпен күрес жұмыстары қалыпты болғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. Солтүстік-батыстағы Сиань қаласында вирус жұқтырғандар саны артуына байланысты жағдай нашарлады, бұл - коронавирус инфекцияcын жұқтырғандар саны артқан кейінгі басты ошақ.

©REUTERS

Ресми мәлімет бойынша, 13 миллион халқы бар қалада күніне 155 жағдай анықталды, 75-і бір күн бұрын тіркелген. Сиань билігі омикрон штамы жоқ екенін айтты, дегенмен Қытай билігі халықаралық саяхатшылар арасында және оңтүстік Қытайда жаңа штамм жұқтырған жағдайлар бар екенін мәлімдеді.

©REUTERS

Жергілікті жағдайлардан басқа, Қытайда күніне 48 жағдай тіркеледі. Сенбідегі жағдай бойынша елде 101 077 коронавирус ауруы тіркелген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!