ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 шілде 2020 11:54
Қытайда COVID-19 жұқтырғандар саны қайта арта бастады
Қытайда наурыздың басынан бері COVID-19 жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауына қарағанда, 26 шілдеде 61 адам коронавирус жұқтырған. 61 жағдайдың 57-сі ел ішінде (Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында 41 адам, Ляонин провинциясында 14 адам және Цзилинь провинциясында 2 адам), ал қалған төртеуі басқа елдерде жұқтырған. Сондай-ақ, елде 44 симптомсыз тасымалдаушы тіркелген.
Қытайда жалпы 83 891 адам коронавирус жұқтырған, 4 634 науқас қайтыс болған және 78 918 адам аурудан айыққан.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу