Қытайда COVID-19 өршуіне байланысты әскери жағдай режимі енгізілді

Қытайда COVID-19 өршуіне байланысты әскери жағдай режимі енгізілді Фото: Reuters

Коронавирус өршуіне байланысты Қытайдың Баодин қаласында әскери жағдай енгізілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Коронавирус өршуіне байланысты Қытайдың Баодин қаласында әскери жағдай енгізілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, Баодинда 11 миллионнан аса адам тұрады. Қала ел астанасы Бейжіңнен 147 шақырымда жерде орналасқан. Қалалар бір-бірімен тығыз байланысқан. 

"Эпидемиямен күрес жөніндегі жедел штаб Баодин қаласында індеттің таралуын болдырмау мақсатында әскери жағдай тез арада енгізілетінін және соғыс уақытының механизмін іске қосылатынын мәлімдеді", - делінген үкіметтің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 13 маусымда Бейжіңдегі ең ірі көтерме сауда базары "Синьфади" карантинге жабылған болатын. Мұнда импортталған арқан балығын (лосось) кесуге арналған тақтадан коронавирус табылды. Сондай-ақ, Фэнгтай аймағында да әскери жағдай енгізілді.

Айта кетейік, осыған дейін Қытайда коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін екені хабарланған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама