02 қараша 2021 | 13:40

Қытайда Disneyland-ке келген 30 мыңнан астам адам оқшауланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Қытайда Disneyland-ке келген 30 мыңнан астам адам, келушілердің бірінде коронавирустың анықталуына байланысты ойын-сауық саябағынан шығарылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытайда Disneyland-ке келген 30 мыңнан астам адам, келушілердің бірінде коронавирустың анықталуына байланысты ойын-сауық саябағынан шығарылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Шанхай билігі Disneyland-тен үйіне оралған келушілердің біріне COVID-19 диагнозы қойылғаны туралы хабарлама алған. Осыдан кейін саябақ басшылығы бірден оны жабуды бұйырды, ал ондағыларға коронавирусқа тестілеу тапсырылды.

Реклама
Реклама

Саябаққа полиция мен дәрігерлер келіп, мобильді тестілеу пункттерін орналастырды.

30 мыңнан астам ересектер мен балалар саябақтан сынақсыз шығарылмайтындықтан өз кезегін күткен, кейбіреулеріне бірнеше сағат күтуге тура келген.

Шанхай билігі Disneyland-те коронавирусқа тапсырған тестілеуден барлығы 33 863 адам өткенін, барлық нәтижелер теріс шыққанын айтты. Адамдарға 14 күннен кейін қайта тестілеу ұсынылды.

Қытай үкіметі инфекцияның елге енуіне жол бермеуге тырысып жатқаны және індет пайда болған жағдайда жұқтырған адамдарды тез оқшаулауға тырысатыны айтылып жүр. Мемлекеттік нұсқауларды орындамаған адамдар әдетте қызметінен босатылады немесе түзеу жұмыстарымен жазаланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная