Қытайда химиялық зауыттардың бірінде ірі жарылыс болды

Қытайда химиялық зауыттардың бірінде ірі жарылыс болды © Youtube

Қытайдың шығысында Шаньдун провинциясындағы химиялық зауытта ірі жарылыс болды. Бұл туралы  "Жэньминь жибао" басылымының Twitter парақшасында хабарланды.

Басылымның мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша 31 тамызда сағат 23.25-те болған. Жарылыстан қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы мәлімет жоқ.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, 12 тамызда Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласындағы Ruihai Logistics логистикалық компаниясының қауіпті заттар сақталатын қоймасында жарылыс болғаны хабарланған еді. Қытайдың сейсмикалық агенттігі бірінші жарылыстың тротил эквивалентінде үш тонналық күшке ие болғанын, ал екіншісі 21 тонна болғанын хабарлады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама