Қытайда жоғары лауазымды алты генерал партия қатарынан шығарылды

Қытайда жоғары лауазымды алты генерал партия қатарынан шығарылды depositphotos.com

Қытай Халық-азаттық армиясының (ҚХАА) алты генералы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының және Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) қатарынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" басылымына сілтеме жасап.

Қытай Халық-азаттық армиясының (ҚХАА) алты генералы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының және Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) қатарынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" басылымына сілтеме жасап.

Генералдардың ҚКП қатарынан шығарылуы олардың үстінен жемқорлыққа қатысты тергеу жүріп жатқанының белгісі болуы мүмкін.

Мәліметке сәйкес, қорғанысты жаңғыртуға жауапты қару-жарақты дамыту басқармасының бастығы Шу Шуэсян, саяси комиссарлар Го Пусяо, Ли Финбяо, Инь Хунсин, материалдық-техникалық қамтамасыз ету біріккен күштерінің қолбасшысы Ван Канпин және киберкеңістік күштерінің қолбасшысы Цан Минхуа партиядан қуылған.

Жарнама
Жарнама

Парламент құрамынан ҚКП Саяси бюросының бұрынғы мүшесі әрі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының партия хатшысы Ма Шинруй, бұрынғы партия хатшысы Го Юнхан және Ұлттық қаржылық реттеу басқармасының бұрынғы директоры Ли Юньцзы шығарылды. Бұған дейін олардың үстінен жемқорлық баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Қытайда кейінгі үш жылда бірқатар жоғары лауазымды әскери армия мен партия қатарынан аластатылып, парламенттегі қызметтерінен босатылды. Бұған дейін Қорғаныс министрлері Вэй Финхи мен Ли Шанфу пара алды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен сот алдында жауап берген. Олар кінәлі деп танылып, екі жылдық мерзімге кейінге қалдырылатын өлім жазасына кесілді.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама