26 шілде 2021 18:23

Қытайда жойқын тайфун соқты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында жойқын "Ин-Фа" тайфуны соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Global Times басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында жойқын "Ин-Фа" тайфуны соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Global Times басылымына сілтеме жасап.

Ұлттық метеорологиялық орталық (NMC) мәліметінше, Қытайдың шығысындағы Чжэцзян, Шанхай және Цзянсу провинциясы сияқты басқа аймақтар да зардап шегуі мүмкін. Тайфунның эпицентріне жақын маңдағы жел екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен.

Реклама
Реклама

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Чжэцзян провинциясының 1,65 миллионнан аса тұрғыны қауіпті аудандардан көшірілген.

"Ин-Фа" - биыл Қытайда тіркелген алтыншы тайфун. Тайфун Чжэцзян провинциясының жағалауына 24 шілдеде жетіп, қатты нөсер, дауыл мен су тасқынына себеп болды. Сенбіде түстен кейін су тасқынына қарсы провинция штабы "Ин-Фа" тайфунына қарсы әрекет ету деңгейін күшейтті.

Бұрын осыған ұқсас жойқын тайфун Филиппинде соққан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram