1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қытайда қонақүй маңында жарылыс болып, бірнеше адам зардап шекті

Қытайдың Гуандун провинциясы Чжухай қаласындағы қонақүй маңында жарылыс болып, үш адам зардап шеккен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Видеодан алынған кадр

Қытайдың Гуандун провинциясы Чжухай қаласындағы қонақүй маңында жарылыс болып, үш адам зардап шеккен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайдың Орталық телевизиясының мәліметінше, Бейжің уақыты бойынша таңғы сағат 9-да жергілікті өрт сөндіру қызметіне Чжухай қаласының Доумэнь ауданындағы қонақүйдің маңындағы жарылыс туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына 11 өрт сөндіру машинасы барған.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр, қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Жарылыстың себебі әлі анықталмады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!