Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

© Reuters

Қытайда кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының 25 165 жағдайы анықталды. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда төрт пайызға жоғары. Мұндай мәліметті ҚХР гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Вирус жұқтырғандардың көбінде, 23 815 адамда ауру белгілері жоқ. 1 350 адамда жөтел және әлсіздік бар.

Бір апта ішінде Қытайда симптомсыз вирус тасымалдаушылар саны 2,7 есе, 174 мыңға дейін өсті.

Реклама
Реклама

Шанхайда және Цзилинь провинциясы (Қытайдың солтүстік-шығысында) коронавирус ошағы болып отыр, вирус жұқтырғандардың 94 пайызы осында.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Қытайда 1,5 миллионнан аса адам ауырып, 13,2 мыңнан аса науқас қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама