ПОДЕЛИТЬСЯ
28 ақпан 2020 | 10:27
Қытайда коронавирус жұқтырғандардың 46 пайызы сауығып кетті
Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың 46 пайызы емделіп, ауруханадан шығарылды. Ақпаратты ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректері растайды, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың 46 пайызы емделіп, ауруханадан шығарылды. Ақпаратты ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректері растайды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирус жұқтырғандардың расталған саны 78 824 адамға жетті, оның ішінде 36 117 адам емделіп, ауруханадан шығарылды, бұл сырқаттанғандардың жалпы санының 45,8 пайызы. Қазіргі уақытта ауруханаларда 39 919 адам жатыр.
Хубей провинциясын есептемегенде бүкіл Қытай бойынша індет басталғаннан бері барлығы 12 910 жұқтыру оқиғасы тіркелді, оның ішінде 106-сы өліммен аяқталды, өлім-жітім - 0,8 пайыз.
Ал індет ошағы Хубей провинциясының өзінде вирусты 65 914 адам жұқтырды, оның 2682-сі қайтыс болды, өлім-жітім - 4 пайыз.
Соңғы уақытта Қытайдағы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, соңғы тәулікте ел бойынша вирусты 327 адам жұқтырды, айта кеткен жөн, Хубейден тыс жерлерде мұндай тоғыз ғана жағдай тіркелді. Алғаш тәулігіне шығарылған пациенттердің саны 3 мыңнан асты. Өткен тәулікте 44 адам қайтыс болды, оның 41-і Хубей провинциясынан.
Барлығы індеттен 2788 адам өмірден озды.
Показать комментарии
Читайте также