02 ақпан 2021 | 09:17

Қытайда коронавирусқа қарсы жасанды вакцина сатылған

Көрнекі сурет: elements.envato.com

Қытай полициясы коронавирусқа қарсы жасанды вакцинаның ірі партиясын тәркілеп, іс бойынша 80 күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытай полициясы коронавирусқа қарсы жасанды вакцинаның ірі партиясын тәркілеп, іс бойынша 80 күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайдың тәртіп сақшыларының мәліметінше, жақында болған операция барысында коронавирусқа қарсы 3 мың доза жасанды вакцина анықталып, Бейжің және Цзянсу, Шандун провинцияларындағы жасырын өндіріс орындары мен тарату тізбектері жойылған. 

Реклама
Реклама

Тергеу кезінде тегі Кун есімді ер адам сыбайластарымен бірге 2020 жылдың қыркүйегінен бері коронавирусқа қарсы жасанды вакцина жасай бастаған. Күдіктілер шприцтерді қарапайым физерітіндімен толтырып, вакцина ретінде қымбат бағамен сатқан.

Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі азаматтарды сақ болып, вакцинаны тек лицензиясы бар вакцинация орталықтарында салдыруға, контрафактілер мен алаяқтық деректері туралы құқық қорғау органдарына жедел хабарлауға шақырды.

Айта кетейік, Қытай 2020 жылдың 15 желтоқсанынан бері тоғыз негізгі топ бойынша коронавирусқа қарсы вакцина салуды бастаған болатын. 2021 жылдың 26 қаңтарындағы жағдай бойынша, 23 миллион адам вакцина салдырған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная