25 қаңтар 2020 | 10:59

Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны күрт көбейген

Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 1287 адамға жетті, оның 41-і қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік комитеттің хабарламасына айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 1287 адамға жетті, оның 41-і қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік комитеттің хабарламасына айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Осыған дейін, ресми түрде 830 адамның ауруха шалдыққаны және 26 адамның қайтыс болғаны айтылған еді. 

Реклама
Реклама

24 қаңтарда түн жарымдағы жағдай бойынша 29 провинция мен қалада коронавирустың жаңа түрін жұқтырған адамдар саны 1287-ге жеткен, оның 237-і ауыр халде жатыр. 41 адам қайтыс болды (Хубэй провинцисында 39 адам, Хэбэй провинциясында - 1, Хэйлунцзян провинциясында - 1)", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ауруханалардан 38 науқас емделіп шыққан. 20 провинцияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген күдікпен 1965 адам тіркеуге алынды. Вирус елдің 30 өңіріне тарады.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған 13 967 адам медициналық бақылауда екен. 

Қытайда шыққан ауру түрін жұқтыру деректері мына елдерде байқалған: Гонконгта - бес, Макао - екі, Тайваньда - үш, Таиландта (екі науқас жазылып шықты) - төрт, Жапонияда (бір науқас жазылып шықты) - екі, Оңтүстік Кореяда - екі, АҚШ - екі, Вьетнам - үш, Сингапур - 3, Непал - 1, Франция - 2, Аустралияда бір адам тіркелді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная