ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қаңтар 2020 | 09:23
Қытайда коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 17 адамға жетті
Қытайда коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандардың саны 17 адамға жетті. Бұл туралы Хубэй провинциясының денсаулық сақтау комитетінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайда коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандардың саны 17 адамға жетті. Бұл туралы Хубэй провинциясының денсаулық сақтау комитетінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта вирус 25 провинцияға жетті. Ал ол вирусты жұқтырғандардың саны 473-ке жетті.
Еске салайық, мұның алдында коронавирустың жаңа түрінің АҚШ-қа және Жапонияға да жеткені хабарланған еді. Жапонияның Канага префектурасында тұратын қытайлық ер адам пневмонияның жаңа түріне шалдықты деп хабарланған еді.
"Қауіпті індеттен барлық базар жабылды". Қытайдағы қазақ елдегі жағдайды айтып берді
Коронавирус - 30-дан аса вирустан тұратын, екі тұқымдастыққа бөлінген ауру түрі. Алғаш 1965 жылы анықталған. Ауруды көп жұқтыратын объектілер - адамдар, үй жануарлары, құстар, шошқалар және ірі қара мал. Коронавирус тыныс алу жүйесін, асқазан-ішек жолдарын, жүйке жүйесінің зақымдануына әсер етуі мүмкін.
Показать комментарии
Читайте также