Қытайда құлаған Boeing 737-нің алғашқы қара жәшігі табылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Қытайда құлаған Boeing 737-нің алғашқы қара жәшігі табылды Фото:CGTN/REUTERS

Құтқарушылар Қытайда құлаған Boeing-тің алғашқы қара жәшігін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Сәрсенбіде Қытайдың оңтүстігінде құлаған Boeing 737-800 ұшағының екі қара жәшігінің бірі табылды. Қытайдың азаматтық авиация басқармасының (CAAC) өкілі Чжу Тао қалпына келтірілген қара жәшік ұшқыш кабинасындағы диктофон екенін айтты.

©REUTERS 

Жарнама
Жарнама

Чжу Таоның айтуынша, қара жәшік Бейжіңдегі институтқа тексеріске жіберілген. Кабина диктофоны тергеушілерге рейстің үш ұшқышы арасындағы байланыс туралы толық ақпаратты беруі мүмкін. 

©REUTERS

Апат себебі әлі анықталмаған. Сондай-ақ, аман қалғандар да әлі табылмады.

Айта кетейік, 21 наурызда China Eastern Airlines компаниясының ұшағы Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан аймағында апатқа ұшыраған еді. Бортта 132 адам болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама