ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2022 | 09:08
Қытайда омикронның тағы бір түрі табылды - БАҚ
Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында BA.1.1 деп аталатын омикрон штамының жаңа нұсқасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 9News басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында BA.1.1 деп аталатын омикрон штамының жаңа нұсқасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 9News басылымына сілтеме жасап.
Сучжоудағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, 28 наурызда COVID-19-дың жеңіл белгілері бар науқаста омикронның жаңа түрі анықталған, сарапшылар нақты ақпарат алу үшін қосымша зерттеулер жүргізіп жатыр. BA.1.1 омикрон штамы Қытайдың басқа өңірлерінде немесе әлемде тіркелмеген.
Shine порталының мәліметінше, COVID-19-дың жаңа нұсқасы туралы қорытынды вирусологтар геном деректерінің қолданыстағы банктерінде жоғары гомологтық генетикалық тізбектерді анықтай алмағаннан кейін пайда болған.
Бұл нұсқаны зерттеп жатқан сарапшылардың бірі алдыңғы нұсқалармен 99 пайыз ұқсастық бар деп санауға болатынын, бірақ генетикалық секвенирлеу арқылы нуклеотидтердегі елеулі айырмашылықтар болуы мүмкін екенін атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также