ПОДЕЛИТЬСЯ
05 мамыр 2020 | 11:38
Қытайда өткен тәулікте бір адамнан ғана COVID-19 анықталған
Қытайда өткен тәулікте бір адамнан ғана коронавирус анықталған. Бір тәулікте бірде-бір адам қайтыс болмаған, керісінше 87 адам вирустан айыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қытайдың Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, Шанхайда ғана бір адамнан COVID-19 анықталған. Ол шетелден келген болып шықты.
Осылайша, бүгінде Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 82 881-ге жетті, 77 853 адам айығып, 4 633 адам қайтыс болған. 395 науқас ауруханада ем алып жатыр, олардың 29-ы ауыр жағдайда жатыр екен.
Ал Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 4049-ға жетті, айыққандардың саны - 1 173, қайтыс болғандардың саны - 29.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также