Қытайда пневмониядан қайтыс болғандардың саны өсіп жатыр

© REUTERS

Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрінен үшінші адам қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрінен үшінші адам қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, 19 қаңтардағы жағдай бойынша 198 адам вирус жұқтырған. 

Реклама
Реклама

"Ең жас науқас - 25 жаста, ең үлкені - 89 жаста. Бұл науқастардан вирустың белгілері айтарлықтай байқалған - дене қызуы көтерілген, жөтел мен демікпе. 198 адамның 25-і ауруханадан үйлеріне жіберілді. Ал 35 науқас ауыр жағдайда жатыр, 9 адамның жағдайы аса ауыр, ал үш адам қайтыс болды. Қалғандарының жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр", - делінген денсаулық сақтау комитетінің хабарламасында.

Қытай пневмониясы Жапонияға жетті

Коронавирус - 30-дан аса вирустан тұратын, екі тұқымдастыққа бөлінген ауру түрі. Алғаш рет 1965 жылы анықталған. Ауруды көп жұқтыратын объектілер - адамдар, үй жануарлары, құстар, шошқалар және ірі қара мал. Коронавирус тыныс алу жүйесін, асқазан-ішек жолдарын, жүйке жүйесінің зақымдануына әсер етуі мүмкін.

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная