22 шілде 2021 | 11:31

Қытайда су тасқынынан зардап шеккендер саны артты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: REUTERS

Қытайдың Хэнань провинциясында нөсер салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 33 адамға жетті, тағы сегізі хабар-ошарсыз кеткен. Бұл дерек жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытайдың Хэнань провинциясында нөсер салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 33 адамға жетті, тағы сегізі хабар-ошарсыз кеткен. Бұл дерек жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін 25 адам қаза тапқаны және жеті адам хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарланған болатын.

REUTERS

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметі бойынша, 16 шілдеден бастап провинция бойынша табиғи апат салдарынан 33 адам қаза болған, сегіз адам хабар-ошарсыз кеткендер санатында.

REUTERS

Провинция бойынша 103 ауданда үш миллионнан аса адам апат аймағында, қауіпті аудандардан 375 мың адам шұғыл эвакуацияланды, тағы 256 мың адам көшірілді, делінген хабарламада. Апаттан зардап шеккен ауылшаруашылық жерлерінің ауданы - 215 мың гектар, тікелей экономикалық шығын 1,22 миллиард юаньға бағаланған.

REUTERS

17 шілдеде Қытайдың орталық бөлігіндегі Хэнань провинциясына нөсер жаңбыр жауды. Салдарынан Чжэнчжоу қаласы ең көп зардап шекті. Қаланың кейбір метеостанцияларында жауын-шашынның орташа тәуліктік мөлшері бойынша рекорд тіркелді.

20 шілдеде кешке Чэнчжоу метросының бесінші бағыты суға толып кетті. Салдарынан пойыздардың қозғалысы тоқтатылып, жолаушылар вагондарда қалып қойды. 500 адам эвакуацияланды, 12 адам қайтыс болды және бесеуі жарақат алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная