24 қаңтар 2023 | 17:41

Қытайда тарихтағы ең төмен ауа температурасы тіркелді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қытайда тарихтағы ең төмен ауа температурасы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда тарихтағы ең төмен ауа температурасы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Қытай метеорологтары Ресей шекарасына жақын Хэйлунцзян провинциясында орналасқан "Қытайдың Солтүстік полюсі" деп аталатын Мохэ қаласында әдеттегіден төмен температураны тіркеген.

Жергілікті метеостанцияда 22 қаңтарда минус 53 градус деңгейінде төмен температура тіркелген. Бұл 1969 жылғы ұлттық рекордты жаңартқан. Бұрын минус 52,3 градус болған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Мохэде үш күн бойы ауа температурасы минус 50 градусты көрсеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram