19 шілде 2021 09:03

Қытайда тұңғыш рет маймыл вирусынан адам өлімі тіркелді

© pixabay.com

Қытайда маймылдың B (BV) вирусынан тұңғыш рет адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Global Times басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда маймылдың B (BV) вирусынан тұңғыш рет адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Global Times басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, бейжіңдік 53 жастағы мал дәрігері қайтыс болған, ол вирусты ғылыми мақсатта екі өлі маймылдың денесін сойған соң жұқтырған. Ал құсу, қалтырау сынды ауру белгілері бір айдан кейін, биыл сәуірде пайда болған. 27 мамырда ер адам қайтыс болды.

Мал дәрігерімен байланысқан адамдар вирус жұқтырмағаны анықталды. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қытайда бұрын-соңды маймыл вирусынан өлім тіркелмеген.

Реклама
Реклама

1932 жылы табылған вирус адамға маймылмен тікелей байланыс кезінде ғана жұғады. Алайда одан өлім деңгейі 70-тен 80 пайызға дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram