21 желтоқсан 2023 17:08

Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Фото: russian.news.cn

Қытайда әлі де ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде, ал жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 137-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда әлі де ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде, ал жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 137-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбіде кешке Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясының шалғай және таулы аудандарында 6,2 балдық жер сілкінісі болды.

Реклама
Реклама

Биліктің мәліметінше, жер сілкінісі 137 адамның өмірін қиған: Ганьсу провинциясында 112 адам және көрші Цинхай провинциясында 22 адам. Бұл ретте 198 адам жарақат алып, 12 адам із-түзсіз жоғалған.

The 6.2-magnitude earthquake that jolted China's Gansu at midnight Monday has killed 131 people in Gansu and neighboring Qinghai Province, said local authorities. pic.twitter.com/bFLNHzM73u

— China Xinhua News (@XHNews) December 20, 2023

Ганьсуда 207 мыңнан аса үй қирап, 15 мыңға жуық үй опырылған, 145 мыңнан аса адам жарақат алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram