21 мамыр 2021 10:48

Қытайдың ең бай адамдарының бірі 50 жасында қайтыс болды

Цзо Хуэй. © Bloomberg

Қытайда KE Holdings жылжымайтын мүлік компаниясының негізін қалаушы және басшысы Цзо Хуэй қайтыс болды, - деп хабарлайды РБК.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда KE Holdings жылжымайтын мүлік компаниясының негізін қалаушы және басшысы Цзо Хуэй қайтыс болды, - деп хабарлайды РБК.

Қытайдың ең бай 15 адамның қатарына кіретін кәсіпкер 20 мамырда "ауруының асқынуына" байланысты қайтыс болған. Ол 50 жаста еді.

Forbes Цзо Хуэйдің байлығын 14,8 миллиард долларға бағалаған. 2020 жылы оның компаниясы Нью-Йоркте сәтті IPO өткізген.

Реклама
Реклама

Цзо 1971 жылы Шэньси провинциясында дүниеге келген. 1992 жылы Бейжің химия-технологиялық университетін бітірген.

Қытайлық БАҚ деректеріне сүйенсек, ол сақтандыру бизнесінде алғашқы табысын тауып, кейін 2001 жылы алғашқы жылжымайтын мүлік компаниясы Beijing Lianjia Real Estate Brokerage құрған. 2018 жылы Хуэй KE Holdings құрып, Қытайдағы Beike тұрғын үй мәмілелері мен қызметтері үшін ең ірі платформаны іске қосып, елдің ең ықпалды бизнесмендерінің бірі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram