28 наурыз 2022 | 15:00

Қытайдың ең ірі қаласында қатаң карантин енгізілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Шанхай. Фото ©REUTERS

Қытайдың ең ірі қаласы, қаржы орталығы Шанхайда COVID-19 жұқтырғандар санының өсуін тежеу ​​мақсатында қатаң карантин енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың ең ірі қаласы, қаржы орталығы Шанхайда COVID-19 жұқтырғандар санының өсуін тежеу ​​мақсатында қатаң карантин енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"26 миллион адам тұратын мегаполистің шығысы дүйсенбіден жұмаға дейін жабылады, ал карантин батыс жағына 1 сәуірде  енгізіледі", - деп хабарлады қаланың COVID-19 алдын алу және бақылау штабы.

Реклама
Реклама

©REUTERS

Қатаң карантин режимі кезінде зардап шеккен аудандардың тұрғындары үйде болуы керек, сонымен бірге олар қажетті заттарды контактісіз жеткізу қызметтерін пайдаланып алдыра алады.

©REUTERS

Тұрғындардың күнделікті қажеттіліктері мен қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардан бөлек, барлық мекеме онлайн форматқа өтеді. Қатаң карантин режимі бар аймақтарда көлік қызметтері, соның ішінде автобус қызметі, метро, ​​паром, такси және автокөліктерді онлайн брондау қызметтері уақытша тоқтатылады.

©REUTERS

Карантин омикрон штамының таралуын тоқтату, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайларын динамикалық түрде нөлге дейін төмендету мақсатында қабылданып жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram