11 қараша 2022 | 12:11

Қытайдың Гуанчжоу қаласында коронавирус бойынша рекорд көрсеткіш тіркелді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Экономикалық өнім көлемі бойынша Қытайдағы төртінші ірі қала Гуанчжоуда коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNFIN-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Экономикалық өнім көлемі бойынша Қытайдағы төртінші ірі қала Гуанчжоуда коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNFIN-ке сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, қалада күніне 2000 жағдай анықталып жатыр. 19 миллион халқы бар қаланың билігі тұрғындарды мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге шақырды және вирусқа жаппай тестілеу жүргізіліп жатыр. Гуанчжоудың көптеген аудандарында коронавирустық шектеулер бар. Қытайда өткен тәулікте барлығы 8,8 мың ауру анықталды.

Қытайдың тұрақты комитеті Си Цзиньпиннің "COVID-19 нөл" саясатын ұстануға міндеттенді, деп жазды Deutsche Welle.

Реклама
Реклама

"Біз адамдардың өмірі мен денсаулығын барынша қорғаймыз және індеттің экономикалық және әлеуметтік дамуға әсерін барынша азайтамыз", - делінген комитет хабарламасында.

Қытайдың коронавирус саясаты әлемдегі ең қатал саясаттардың бірі. Соңғы аптада инфекция шыққан қала мен ауыл тұрғындарына ел астанасы Бейжіңге кіруге тыйым салынды, ал шетелдік қонақтар келгеннен кейін 7-10 күн карантинде болуы керек. .

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная