ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 21 наурыз 2022 14:57
Қытайдың оңтүстігінде 133 жолаушы отырған ұшақ апатқа ұшырады
Қытайдың оңтүстігінде Boeing 737 жолаушылар лайнері апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Бортында 133 адам болған China Eastern Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы ҚХР Гуанси-Чжуан автономды ауданындағы Учжоу қалалық округінің Тэн уезінде апатқа ұшырады", - делінген хабарламада.
Қаза болғандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ, іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.
Апат орнында орман өрті басталғаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу