Қытайдың ұлттық метеорологиялық орталығы Қытайда биылға төртінші рет байқалған "Хагупит" тайфуны елдің шығысында орналасқан Чжэцзян провинциясына жақындап келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Xinhua.
Орталық мәліметінше, эпицентрдегі желдің екпіні сағатына 136,8 шақырым болған.
Қытайда ауа райы қауіптілігін ескертетін төрт деңгейлі: көк түстен сары түске, сарғыш түстен қызыл түске дейінгі жүйе бар.
Метеоорталық 3 тамыз сағат 18:00-де қауіп деңгейінің сары түсін сарғыш түске ауыстырған.
Болжам бойынша, тайфун солтүстікке қарай сағатына 20-25 шақырым жылдамдықпен келе жатыр. Сосын 5 тамыз солтүстік-шығысқа жеткенде сәл басыла бастайды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!