07 ақпан 2022 | 15:56

Қытайдың тағы бір қаласында локдаун жарияланды

Фото: ©REUTERS

Коронавирустың өршуіне байланысты Қытайдың оңтүстік-батысындағы миллионер қала локдаунға жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Global Times-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирустың өршуіне байланысты Қытайдың оңтүстік-батысындағы миллионер қала локдаунға жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Global Times-қа сілтеме жасап.

Дүйсенбіден бастап 3,6 миллион халқы бар ҚХР-дың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Байсэ қаласында COVID-19 жұқтырған 100 адамды анықтағаннан кейін толық оқшауланды.

Реклама
Реклама

Нуклеин қышқылын кең ауқымды сынақтан өткізуге 200 мыңнан астам жергілікті тұрғын қатысқан. Жалпы 98 тест оң нәтиже көрсеткен.

Індеттің өршуіне байланысты Байсэде мектептер мен балабақшалар жабылды. Мегаполисте қажетті тауарлар мен дәріханаларды сататындарды қоспағанда, көлік пен дүкендердің жұмысы тоқтатылды. Жергілікті мейрамханаларға қашықтан қызмет көрсетуге ауысу туралы бұйрық берілген.

©REUTERS

Барлық азаматтарға, коронавирусқа тест тапсырудан басқа, үйлерінен шығуға тыйым салынған. Ережені бұзғандар заңға сәйкес жауап береді, деп ескертті Байсэ қалалық әкімшілігі.

Еске салайық, бұл коронавирустың өршуіне байланысты соңғы екі айда оқшауланған Қытайдың төртінші қаласы. Сиань Қытайдағы оқшауланған алғашқы қала болды, екіншісі - 1,2 миллион халқы бар Ючжоу, үшінші қала - 5,5 миллион халқы бар Аньян.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная