20 қараша 2019 | 10:04

Қытайлар ғасырдан ұзақ шыдайтын көпір салды. Бірақ ол өзін ақтамай отыр

Гонконг-Макао-Чжухай арасын жалғап тұрған жаңа көпір көлік қозғалысынан түсетін қаражат арқылы өзін-өзі ақтайды деу қиын, қазіргі уақытта көпірді пайдалану бойынша жаңа бағдарламалар әзірленіп жатыр. Бұл туралы көпірдің бас инженері Ли Цзян мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гонконг-Макао-Чжухай арасын жалғап тұрған жаңа көпір көлік қозғалысынан түсетін қаражат арқылы өзін-өзі ақтайды деу қиын, қазіргі уақытта көпірді пайдалану бойынша жаңа бағдарламалар әзірленіп жатыр. Бұл туралы көпірдің бас инженері Ли Цзян мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Кірістер - құрылысқа кеткен шығынды өтей алмайды, сол себепті біз жаңа саясатты енгізбекпіз, осы көпірдің брендке айналғанын пайдаланып, туризмді дамытуға үлес қосатын болады", - деді ол. 

Реклама
Реклама

Инженердің айтуынша, туристер үшін шығыс жасанды аралы ашылады. Көпір 120 жыл қызмет етеді деп жоспарланған, егер оны жақсы пайдаланатын болса 150 жылға жеткізуге болады екен. 

Үш қаланы байланыстырып отырған 55 шақырымдық көпір былтыр күзде ашылған еді. Ол әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ретінде тіркелген. Гонконг пен Гуандун провинцияларының арасына көпір салу ойы 1980 жылдардың соңында басталған, алайда құрылыс жұмыстары 2009 жылы басталған. Енді Гонконгтан Чжухайға баратын жол үш сағат емес, небәрі жарты сағат кетеді. 

Көпір салуға 18,8 миллиард доллар инвестиция тартылған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная