10 наурыз 2020 | 16:24

Қытайлық әйел стюардессаға қасақана жөтелген

Видеодан алынған кадр

Thai Airways әуекомпаниясының ұшағында Қытай азаматшасы стюардессаға қасақана жөтелген, - деп хабарлайды Fox News.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Thai Airways әуекомпаниясының ұшағында Қытай азаматшасы стюардессаға қасақана жөтелген, - деп хабарлайды Fox News.

Басылымның мәліметінше, бұл оқиға 6 наурызда Шанхайдағы Пудун әуежайында болған. Коронавирусқа байланысты тексеріс жүргізу үшін Thai Airways әуекомпаниясының ұшағы 7 сағатқа кешіктірілген. 

Реклама
Реклама

Осыған байланысты жолаушылардың бірі ұшақ қызметкерлеріне ашуланып, стюардессаға қасақана жөтелген.

"Біз ұшақтың есігін аша алмай қойдық. Содан жолаушылардың бірі ашуланып, ерсі қылық таныта бастады. Қызметкерлерімізідң біріне қарап әдейі жөтеле бастады. Тынышталған кезде ғана біз оған ұшақтың кешігу себебін түсіндіре алдық", - дейді Ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы.

Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған елдердің саны артуына байланысты мәлімдеме жасаған еді. Ұйымның мәліметінше, бүгінде вирусты әлемнің 104 елінде 109 343 адам жұқтырған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная