ПОДЕЛИТЬСЯ
18 мамыр 2020 | 09:35
Қытайлық эпидемиолог коронавирустың екінші толқыны мен COVID-19 туралы жасырын қалған мәліметтерді атады
Қытайдың белгілі эпидемиологы, қытайлық биліктің кеңесшісі Чжун Наньшань CNN-ге берген сұхбатында бүгінде Қытайда коронавирустың екінші толқыны болу қаупі барын айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайдың белгілі эпидемиологы, қытайлық биліктің кеңесшісі Чжун Наньшань CNN-ге берген сұхбатында бүгінде Қытайда коронавирустың екінші толқыны болу қаупі барын айтты.
Эпидемиологтың сөзінше, бүгінде Қытай вирусты бәсеңдетіп, қалыпты өмірге оралғанымен, коронавирустың екінші толқыны болу қаупі бар. Соңғы аптада Қытайда коронавирустың жаңа ошақары пайда болған - Уханда және Хэйлунцзян және Цзилинь провинциясының солтүстік-шығысы. Чжун Наньшань қытайлықтардың коронавирусқа қарсы иммунитеті жоғы алаңдатынын айтады.
"Қытайлықтардың басым көпшілігі коронавирус жұқтыру қаупі бар, себебі олардың COVID-19-ға қарсы иммунитеті жоқ. Бүгінде елдегі жағдай шетелге қарағанда жақсы емес", - дейді ол.
Профессордың сөзінше, коронавирус алғаш анықталған Уханда, жергілікті билік вирустың масштабы туралы негізгі ақпараттарды айтпаған. Одан бөлек, Ухан билігі үкіметтен вирустың табиғаты туралы ақпаратты жасырып қалмақ болған. Эпидемиологтың сөзінше, жергілікті шенеуніктер вирус адамнан адамға тарайтынын айтқысы келмеген.
Сарапшы вирус нақты қайдан пайда болғаны туралы сұраққа "әзірше түпкілікті қорытынды жасау қиын екенін, бірақ ол жануарлардан тараған болуы мүмкін екенін" айтты.
Қытайдың денсаулық сақтау бойынша ұлттық комиссиясының мәліметінше, елде 82 мыңға жуық адам COVID-19 жұқтырса, оның 4633-і қайтыс болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также