1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қытайлық қазақ файтері UFC-де жеңіске жетті

Росомаха лақап атымен танымал Қытайдағы қазақ боксшы Сайран Нұрданбек UFC-де жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz

MMA Junkie

Росомаха лақап атымен танымал Қытайдағы қазақ боксшы Сайран Нұрданбек UFC-де жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

27 жастағы спортшы Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 198 турниріне қатысып, 32 жастағы америкалық файтер Шон Сорианомен жекпе-жек өткізді.

Нұрданбек бірауыздан жеңіске жетті. Бұл оның UFC-дегі екінші жекпе-жегі және промоушн аясындағы бірінші жеңісі. Ол дебюттік жекпе-жегінде аустралиялық Джошуа Кулибаодан жеңілген болатын.

Еске салайық, орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы франциялық экс-әлем чемпионы Хассан Н'Дам Н'Жикамды нокаутпен жеңді.

Ал аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий доминикандық Алексис Гарсиядан басым түсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!