ПОДЕЛИТЬСЯ
03 мамыр 2019 | 15:21
Қытайлық отбасы қыздарының Стэнфордқа түсуі үшін 6,5 миллион доллар берген
Қытайлық отбасы қыздарының АҚШ-тың Стэнфорд университетіне түсуі үшін 6,5 миллион доллар пара берген, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайлық отбасы қыздарының АҚШ-тың Стэнфорд университетіне түсуі үшін 6,5 миллион доллар пара берген, - деп хабарлайды РИА Новости.
Wall Street Journalмәліметінше, 2017 жылы қыздың ата-анасы Уильям "Рик" Сингерге (болжаммен пара беру жүйесін құрған) ақша берген. Ол ЖОО-ға түсу үшін дайындық курстарын өткізетін компанияның құрылтайшысы.
Бұл қаражатқа Сингер абитуренттік желкенді спорт түрімен сәтті айналысатын туралы құжаттар сатып алған. Оқуға түскеннен кейін ол 500 мың долларды университеттік команданың бапкеріне берген.
Басылым мәліметінше, сәуірде Стэнфорд университетінің басшылығы студенттердің бірін жалған құжат бергені үшін оқудан шығарған. Оның есімі жарияланбады.
Осылайша Сингер тағы бір абитуриентке Йель университетіне түсуге көмектескен. Бірақ мұндай оқуға түсу арзанырақ боғлан - "небәрі" 1,2 миллион доллар.
Осыған дейін, АҚШ билігі Йель және Стэнфорд университеттерінде ірі сыбайлас жемқорлық желісін анықтаған. Қамауға алынғандар қатарында әртіс Фелисити Хаффман және Лори Лафлиндер бар. Барлығы 50 шақты адамға айып тағылған.
Показать комментарии
Читайте также