Лай көшкінінен жоғалғандардың саны 30 адамға артты

АҚШ-тағы лай көшкінінен іс-түссіз жоғалғандардың саны 30 адамға артты, бұған дейін 90 адамның табылмай жатқанын айтқан болатынбыз, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты АFP сілтеме жасап. 

Лай көшкіні 22 наурыз күні Вашингтон штатының Осо қаласының солтүстігіндегі Сиэтле маңынан басталған болатын. Лай тасқыны жаңбырдың көп жаууы себебінен күшейген. Ағыны қатты сел 30 үйді қиратқан. Соңғы деректерге сүйенсек, опат болған адамдардың саны 18-ге жеткен, бұған дейін 14 адамның қайтыс болғанын хабарлаған едік. Қазір мамандар лай көшкінінен көз жұмғандардың саны 27 адамға дейін жетуі мүмкін екенін жасырмай айтуда. 

Аталған лай көшкіні Снохомиш өзеніне қосылып, су тасқынын молайтып жіберген. Билік өкілдері осы аудандағы тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіру жұмыстарымен қатар, жоғалғандарды іздеуге бар күшін салуда. Алайда сел әлі ауыздықталмағандықтан, құтқарушыларға өз кедергісін тиігізіп жатыр.  

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама