ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2020 | 17:42
Лаңкестер Пәкістандағы қор биржасына шабуыл жасады: 7 адам қаза тапты
Пәкістан қор биржасына лаңкестердің шабуыл жасауы кезінде жеті адам қаза тапты: бір полицей, төрт күзетші және екі қызметкер, - деп хабарлайды Reuters.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Пәкістан қор биржасына лаңкестердің шабуыл жасауы кезінде жеті адам қаза тапты: бір полицей, төрт күзетші және екі қызметкер, - деп хабарлайды Reuters.
Бұған дейін төрт лаңкес биржаның кіре берісінде граната жарып, атыс бастағаны хабарланған. Шабуыл кезінде екі адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды.
Карачи полициясының бас инспекторы Ахмед Махар шабуылшылар полиция қызметкерлері қызметтен бос уақытында киетін форманы киіп алғанын айтады.
Кейін Пәкістан полициясы барлық лаңкесті ұстады. Ғимарат қабырғаларының жанында АК-47 автоматымен қаруланған екі адам қаза тауып, біреуінің көзі кіре берісте жойылды. Соңғысы ғимаратта жасырынып, 20 минут бойы тәртіп күзетшісінен тығылып, нәтижесінде өлтірілді.
"Төрт жауынгер Карачи қаласындағы Пәкістан қор биржасының ғимаратына шабуыл жасады, бірақ қауіпсіздік күштері олардың барлығын өлтірді", - деп хабарлайды Reuters.
Four gunmen attacked the Pakistani Stock Exchange building in the city of Karachi but security forces killed them all, police said. Two other people were also killed https://t.co/xP0nfXYsW6 pic.twitter.com/B5kLZVnNvo
— Reuters (@Reuters) June 29, 2020Сондай-ақ, биржа директоры Абид Али Хабиб шабуылдаушылар автокөлікте биржаның жанында орналасқан тұраққа келіп, атыс бастағанын, сөйтіп биржа қызметкерлері үрей тудырғанын айтады. Агенттік хабарлағандай, ғимарат қызметкерлері атыс болған кезде кеңседе тығылып қалған.
One of the biggest AatamNirbhar task. Terrorist Kills Terrorist in #Karachi stock exchange Pakistan . pic.twitter.com/P6NQ5iWtbm
— CORONA WARRIOR MAYANK CHAUDHARY ?? (@IamMayank_) June 29, 2020Елдің ең үлкен биржасына шабуыл жасау үшін жауапкершілікті үш мемлекет - Пәкістан, Иран және Ауғанстан аумағында орналасқан Белуджистанның егемендігін талап ететін "Белуджистанның азаттық әскері" тобы өзіне алды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также