Лаңкестердің шабуылынан жараланған журналист эфирге шықты

© aljazeera.com

Ау?анстанды? Shamshad TV телеарнасыны? журналисі к?рермендерді та??алдырды. Ол ДАИШ террорлы? ?йымны? ла?кестері студия?а шабуыл жаса?аннан кейін, жа?алы?тарды ж?ргізуге ?айта отыр?ан, - деп хабарлайды Al Jazeera.

Ауғанстандық Shamshad TV телеарнасының журналисі көрермендерді таңғалдырды. Ол ДАИШ террорлық ұйымның лаңкестері студияға шабуыл жасағаннан кейін, жаңалықтарды жүргізуге қайта отырған, - деп хабарлайды Al Jazeera.

Парвиз Сапи тікелей эфирге қолын бинтпен орап шығып, шабуылдың аяқталғанын жариялады. Желі қолданушылары журналистің әрекетіне таңданыс білдірді.   

Реклама
Реклама

Кабул қаласындағы Shamshad TV телеарнасының жеке ғимаратына шабуыл 7 қарашада жасалды. Шабуыл салдарынан студия күзетшісі қаза тапты. Тағы 24 адам зардап шекті. Сапи мен оның әріптестері үйіне қайтпай, операцияның аяқталуын күтіп тұрды. "Менің отбасым қайта-қайта қоңырау шалып, үйге қайтуымды сұрады, алайда мен әріптестеріммен бірге сол жерде қалдым", - деді Сапи.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама