Лас-Вегас әуежайында British Airways ұшағынан өрт шықты

© REUTERS

British Airways әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Лас-Вегастағы Маккаран әуежайынан әуеге көтерілген кезде отқа оранды, - деп хабарлайды РИА Новости Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап.

Әуежай өкілдерінің мәліметінше, ұшақ бортында 159 жолаушы мен экипаждың 13 мүшесі болған. Әуежайдың Twitter желісіндегі ресми парақшасында өрттің шығу салдарынан екі адамның жарақат алғаны және ауруханаға жеткізілгені жазылған.

Әуежай өкілдерінің хабарлауынша, Boeing 777 ұшағы Лондонға ұшпақшы болған. Осы оқиғадан кейін әуе кемесі эвакуацияланды, жолаушылардың барлығы автобустағы терминалға жеткізілді. Өрттің неден шыққаны әзірше белгісіз.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама