26 сәуір 2022 | 09:02

Лавров ядролық соғыс қаупі туралы ойын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: © РФ СІМ баспасөз қызметі

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Первый канал" эфирінде ядролық соғыс қаупі қазір айтарлықтай екенін және бұл қауіпті бағаламауға болмайды деген пікір білдірді. Дегенмен, оның айтуынша, бұл қауіпті тұтатқысы келетіндер де аз емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Первый канал" эфирінде ядролық соғыс қаупі қазір айтарлықтай екенін және бұл қауіпті бағаламауға болмайды деген пікір білдірді. Дегенмен, оның айтуынша, бұл қауіпті тұтатқысы келетіндер де аз емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ол қаңтарда "ядролық бестік" елдері бұл қаруды қолдануға жол бермеу туралы тезисті растағанын еске салды.

"Бұл қағидатты ұстанымымыз. Біз осыған қараймыз. Мен мұндайды қаламайтын едім, сіз айтқандай, құрметті саясаттанушыларға сілтеме жасай отырып тәуекелдер шынымен, айтарлықтай және едәуір болғандықтан, мен бұл тәуекелдердің жасанды түрде тұтатылғанын қаламас едім, оны қалайтындар аз емес. Қауіп өте маңызды, ол мүмкін, оны бағаламауға болмайды", - деді Ресей дипломатиясының басшысы.

Реклама
Реклама

Бұған дейін америкалық сарапшы алпауыт державалар арасындағы ядролық қару жарысы адамзатқа бақылаусыз әскери қақтығыс қауіпін төндіретінін айтқан. Ол қазір ірі державалар арасында ядролық бәсекелестіктің жаңа раунды жүріп жатқанын, болашақта ол дүниежүзілік ядролық соғыстың тұтануына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Кейінірек АҚШ Қорғаныс министрлігі Ресей мен Қытай жаңа ядролық зымырандар, бомбалаушы ұшақтар мен суасты қайықтарын жасап жатқандықтан, әлем ядролық соғысқа бет алғанын ескерткен баяндамасын жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная