ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2022 | 08:35
LG компаниясы Ресейдегі өндірісін Қазақстанға көшіру туралы ақпаратқа пікір білдірді
Оңтүстік Кореялық LG Electronics компаниясы Ресейдегі зауытын жауып, тұрмыстық техника өндірісін Қазақстан немесе Өзбекстанға көшіру мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Коммерсантъ және "Аргументы и Факты" басылымдарына сілтеме жасап.

Бұған дейін бірнеше БАҚ LG Өзбекстанда Samsung құрылғыларын шығаратын Artel компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.
"Қазір бізде LG компаниясымен ешқандай серіктестік жоқ және біз жалғасып жатқан келіссөздер туралы ақпаратты жария ете алмаймыз", - деп мәлімдеді Artel компаниясы.
Өндірісті Өзбекстанға немесе Қазақстанға көшіру мүмкіндігі бар деген ақпарат "мүлдем негізсіз" деп жазады The JoongAng LG-ге сілтеме жасап.
Оңтүстік Кореядағы Business Post басылымының хабарлауынша, LG Electronics ресейлік өндірістің Қазақстанға немесе Өзбекстанға өтуі туралы ақпаратты жоққа шығарып, оны "негізсіз" деп атады. Концерн өкілі бұл мәселеге қатысты ресейлік БАҚ-тың ақпараттары шындыққа жанаспайтынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін LG Electronic Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін Ресейге барлық өнімдерді жеткізуді тоқтатқанын хабарлаған болатын. Компанияның сайтында жарияланған ресми мәлімдемеде бренд адамдардың қауіпсіздігіне алаңдайтыны және гуманитарлық қолдау көрсетумен айналысатыны айтылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также