Ливанда ұлыбританиялық дипломатты қысқа белдемше кигені үшін зорлап өлтірген

© REUTERS

Ливанда ер адам ?лыбританиялы? елшілікті? 30 жаста?ы ?ызметкері Ребекка Дайксты зорлап ?лтіріп кеткен, - деп хабарлайды РИА Новости ?лыбританиялы? БА?-тар?а сілтеме жасап.

Ливанда ер адам ұлыбританиялық елшіліктің 30 жастағы қызметкері Ребекка Дайксты зорлап өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды РИА Новости ұлыбританиялық БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Daily Mail мәліметінше, Uber такси қызметінің 29 жастағы жүргізушісі осы қылмысты жасады деген күдікке ілініп отыр. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Ребекка Дайкс Ливан астанасы Бейруттегі елшілікте жұмыс істеген. Қылмыс болған күні Дайкс достарымен барда кездесіп, сол жақтан үйіне такси шақырған.

Полиция әйелдің денесін жолдың шетінен тапқан. Тыңшылар бақылау камераларының көмегімен такси жүргізушісін таба алды. БАҚ мәліметінше, ер адам қылмысын бірден мойындады.

Реклама
Реклама

"Жүргізуші оның қысқа белдемше киіп алғанын айтты", - деп хабарлады полициядағы дереккөз. - Ол әйел әдемі болғандықтан зорлап кеткен. Сондай-ақ, ер адамның айтуынша, әйел шетелдік болғандықтан оны зорлап кету еш қиындық туғызбады".

БАҚ мәліметінше, қылмыскер Тарек Хаучи осыған дейін де сотты болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама